19.01.2022, 11:40

ДДСҰ басшысы омикроннан кейінгі жаңа штамдар туралы ескертті

Фото: ашық дереккөз
ДДСҰ басшысы коронавирустың жаңа штамдарын бақылау мен бағалау ерекше маңызды екенін айтты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус коронавирустың омикрон штамынан кейін COVID-19-дың жаңа нұсқасы пайда болуы мүмкін деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Бұл пандемия әлі аяқталған жоқ және бүкіл әлемде омикрон таралуына байланысты жаңа нұсқа пайда болуы мүмкін", - деді Гебрейесус.

ДДСҰ басшысы коронавирустың жаңа штамдарын бақылау мен бағалау ерекше маңызды екенін айтты.

Гебрейесус омикрон орташа алғанда басқа штамдарға қарағанда жеңіл деген пікір қате екенін айтты. Ол омикрон жұқтырғанда ауруханаға жатқызу және өлім қаупі барын айтты.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.