$ 447.4  477.55  4.76

Олимпиада ойындарында тұңғыш рет ел атауы қазақша жазылады

Маңызды элементті халықаралық белгіден ұлттық белгіге өзгерту үшін Халықаралық Олимпиада комитетінен арнайы рұқсат алынған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазақстан тарихында тұңғыш рет Олимпиада құрамасының формасы Qazaqstan атауымен шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Сайт мәліметінше, маңызды элементті халықаралық белгіден ұлттық белгіге өзгерту үшін Халықаралық Олимпиада комитетінен арнайы рұқсат алынған. Бұл ретте Қазақстан ХОК-тың үш әріптік кодтар тізімінде KAZ белгісімен қала береді. Өйткені ол халықаралық стандартқа сәйкес пайдаланылады.

"Олимпиада ойындары - ең алдымен үздік атлеттер өз байрағымен шығатын достық пен бейбітшіліктің үлкен фестивалі. Бұл тек спортшылар үшін ғана емес, командасын қолдайтын барлық жанкүйер үшін маңызды оқиға. Олимпиада кезіндегі кез келген жабдыққа басты назар аударылады. Сондықтан ел атауының Qazaqstan деп жазылуы - ұлттық құраманы және бүкіл елді әлемдік қауымдастық алдында өте маңызды қадам саналады. Қазақ мәдениетінің ұлттық элементтері форма дизайнында халықтың салт-дәстүрлері мен өзіндік ерекшелігін ерекше атап өту үшін әрқашан да маңызды. Біздің шетелдік әріптестеріміз жаңа жазуға жоғары баға берді. Біздің атлеттерге де форманың жаңа элементі ұнайтынына сенімдіміз. Олимпиадашылар - Қазақстанның шетелдегі маңызды елшілері. Сондықтан біздің отандастарымыз біздің командамызға - өз командасына қолдау көрсетеді деп үміттенеміз", - деді еліміздің Ұлттық Олимпиадалық комитеті өкілдері.

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына спортшылар жаңа формада аттанады. 

Айта кетейік, 17 қаңтарда барлық жарыс аяқталды. Қазақстандық спортшылар спорттың 8 түрінен 82 лицензия жеңіп алды.

Бұған дейін Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитеті билеттерді ашық сатылымға шығармау туралы шешім қабылдағаны хабарланған болатын.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары