$ 494.87  520.65  4.91

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Біраз өңірде тұман және көктайғақ күтілуде.
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 20-22 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Болжам бойынша, батыс және оңтүстік аймақтарда атмосфералық фронталь бөліктерге байланысты, жауын-шашын, жел және көктайғақ болып, түнде және таңертең тұман түседі. Елдің қалған аумағы жоғары қысым алаңында болады: жауын-шашын тоқтайды, сондай-ақ ауа температурасы төмендейді деп болжанады.

"Батыс өңірлерде ауа температурасы түнде 10...18-ге дейін төмендейді, күндіз 3...11-ге дейін аяз, республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында түнде 20...28-ге дейін, күндіз 12...20-ға дейін аяз, оңтүстік өңірлерде түнде 5 градус аяздан - 5 градус жылыға дейін, күндіз 0...10 градус жылы болады", - делінген хабарламада.
 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары