19.01.2022, 16:20

Дариға Назарбаеваның әлеуметтік желіде парақшасы жоқ

Фото: ашық дереккөз
Соңғы уақытта Дариға Назарбаеваның атын жамылып, әлеуметтік желілерде жалған аккаунттар тіркеле бастады.

Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаеваның баспасөз хатшысы әлеуметтік желілерде оның парақшалары жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соңғы уақытта Дариға Назарбаеваның атын жамылып, әлеуметтік желілерде жалған аккаунттар тіркеле бастады. Оның үстіне түрлі жазба жариялады. Дегенмен, оның баспасөз хатшысы желіде аккаунттары жоқтығын мәлімдеді.

Дариға Назарбаеваның әлеуметтік желілерде жеке аккаунттары жоқ, – деді оның баспасөз хатшысы.

Сондай-ақ, Дариға Назарбаеваның қызметіндегі жаңалықтар ҚР Парламенті мәжілісі мен Нұрсұлтан Назарбаев Қорының сайты арқылы жарияланатынын атап өтті. Аталған ұйымдардың әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттары да Назарбаеваның жұмысы туралы ақпарат бере алады.

17 қаңтарда Дариға Назарбаеваның қаңтар айының соңына дейін ақысыз демалыста болатынын айтылған еді. Ал 12 қаңтарда депутат коронавирус жұқтырғанын мәлімдеген.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.