$ 474.72  515.17  5.58

Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде өртеніп кеткен көліктердің иеcі өтемақы ала алады

Зардап шеккендер құқық қорғау органдарына хабарласуы тиіс.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров брифингте тәртіпсіздіктерден зардап шеккендер берілетін мемлекеттен өтемақы туралы айтты.

"Бүгінгі күні залалдың орнын толтыру бойынша төлемдер басталған жоқ. Ережелер тура мағынасында енді ғана әзірленді. Қазір олар қабылданып жатыр, содан кейін оларды үкіметтік комиссия бізге әкеледі. Ережені алған кезде міндетті түрде хабарлаймыз. Жеке мүлікке келетін болсақ, біз де осы мәселемен айналысып жатырмыз. Мен түсінемін, көптеген жеке көліктер зақымданған, азғантай бүлінуден бастап, көптеген көліктер толығымен жанып кетті", - деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров.

Ол зардап шеккендерге құқық қорғау органдарына хабарласу қажет болатынын атап өтті.

"Егер шығынның жаппай тәртіпсіздіктер кезінде келтірілгені расталса, онда келтірілген залалды, оның ішінде жеке тұлғаларға да өтемақы төлеу мәселесін қарастырамыз", - деді Ілияс Өсеров.
 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары