Іле Алатауы ұлттық табиғи паркі тауларындағы өрт сөндірілді, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі мәлімдегендей, өртенген жер аумағы 8 га.-ға тең. Орман алқабы өртеніп жатқан жоқ.
«Оқиға орнында Іле Алатауы ұлттық паркінің 10 қызметкерінен құралған топ өрт шыққан орында оттың қайта қызуының алдын алу үшін күзетке шығуда», делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, 26 шілдеде Іле Алатауы ұлттық табиғи паркінің Ақсай орман шаруашылығы аумағында орман өрті шықты. Өртті сөндіру үшін саябақ қызметкерлерінен, Алматы облысы ТЖД, Қазәуеорман күзеті мамандарынан жасақталған 620 адам мен 98 техника, 3 тікұшақ жұмылдырылған болатын.