$ 446.49  475.38  4.79

Алматыда құпия түрде жерленген лаңкестердің жеке тұлғасы анықталды

Бұған дейін ПД-нің бастығы Қанат Таймерденов қылмыскерлер қаладағы мәйітханалардан 41 адамның мүрдесін алып кеткенін айтқан еді.

Алматы қалалық Полиция департаменті Баспасөз қызметі құпия түрде жерленген лаңкестердің жеке тұлғасы анықталғанын мәлімдеді. 

Бүгін Алматы қалалық Полиция департаменті мәйітханадан денелері зерттелмей әкетілген мәйіттердің жерленген орны анықталғанын хабарлаған еді. Енді  олардың жеке тұлғасы анықталып жатқанын мәлімдеді. "Олардың жеке тұлғасы анықталды. Медициналық-сот сараптамалары ҚР Қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес жүргізілетін болады, – делінген хабарламада.

Бұған дейін ПД-нің бастығы Қанат Таймерденов қылмыскерлер қаладағы мәйітханалардан 41 адамның мүрдесін алып кеткенін айтқан еді.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары