21.01.2022, 12:20

Жамбыл облысындағы Nur Otan ғимаратын өртеді деген күдікті ұсталды

Фото: ашық дерекөз
Қазір ол қамауға алынып, тергеу жүріп жатыр.

Полиция қызметкерлері Нұр-Сұлтанда жаппай тәртіпсіздікке қатысы бар деген күдікке ілінген Жамбыл облысының 35 жастағы тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ұсталған азамат Шу ауданы Төле би ауылында Nur Otan партиясы филиалының ғимаратын өртеуге қатысқан.

"Қылмыстық қудалаудан жасырынып жүрген ер адам 9 қаңтарда елордаға келіп, жалға пәтер алып тұрған. Оған іздеу жарияланған. Биыл 14 қаңтарда Жамбыл облысы ПД Шу полиция бөлімі күдіктіге іздеу жариялады", - делінген хабарламада.

Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.  

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Тегтер: күдікті өртеу