Жаңалықтар 22.01.2022 сағат 11:34

Нұр-Сұлтанда жаңа карантин шаралары енгізілді

Елорда тұрғындары мен қонақтары Ashyq жобасына қатысатын кәсіпкерлік нысандарға кіру үшін қойылған талаптарды қатаң сақтауы тиіс.
Нұр-Сұлтанда жаңа карантин шаралары енгізілді
Елорданың бас санитария дәрігері Сархат Бейсенова
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

21 қаңтарда Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Сархат Бейсенова "Елордадағы шектеу және карантин шаралары туралы" жаңа қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары Ashyq жобасына қатысатын кәсіпкерлік нысандарға кіру үшін қойылған талаптарды қатаң сақтауы тиіс. Маска тағу, қашықтық сақтау және антисептик қолдану талаптарын да қатаң сақтауы қажет. 

Әкімдікке, кәсіпкерлер палатасына, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына, кәсіпкерлік субъектілеріне бірқатар кәсіпкерлік нысандарында Ashyq жобасын қолануды жалғастыру тапсырылды.

Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына елорда тұрғындары арасында вакцинация мен ревакцинация жүргізуді жандандыру тапсырылды.

Қаулының толық мәтіні Нұр-Сұлтан әкімдігінің сайтында жарияланды.
 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар