$ 494.87  520.65  4.91

Президент «Орталық Азия - Қытай Халық Республикасы» саммитіне қатысады

25 қаңтарда дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына арналған «Орталық Азия - ҚХР» саммитіне Қытай тарапы бастамашы болған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қаңтарда дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына арналған «Орталық Азия - ҚХР» саммитіне қатысады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Берік Уәлидің айтуынша, онлайн форматта өтетін жиынға Қытай тарапы бастамашы болған.

«Көшбасшылар түрлі салалар бойынша Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы көпжақты стратегиялық ынтымақтастықтың даму перспективаларын талқылайды. Іс-шара қорытындысы бойынша дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына байланысты бірлескен мәлімдеме қабылданады деп жоспарланған», - деп жазды Берік Уәли.
 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары