24.01.2022, 20:30

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтерді

Фото: tengrinews.kz
Ұлттық банк мәліметінше, шешім инфляция 2022 жылдың аяғына қарай белгіленген 4-6 пайыз нысаналы дәлізге кіру қажет екені ескеріле отырып қабылданған.

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме жылдық 10,25 пайызға дейін өсетінін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені +/-1,00 п.т. пайыздық дәлізімен жылдық 10,25 пайыз деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады. Тиісінше, өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 11,25 пайыз, ал өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме – 9,25 пайыз болады", - делінген хабарламада.

Ұлттық банк мәліметінше, шешім инфляция 2022 жылдың аяғына қарай белгіленген 4-6 пайыз нысаналы дәлізге кіру қажет екені ескеріле отырып қабылданған.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Тегтер: Банк инфляция