Газ бағасы туралы іс бойынша Маңғыстау облысы әкімі Нұрлан Ноғаевтың орынбасары Ғалымжан Ниязов қамауға алынды.
«Тәртіпсіздіктер мен наразылықтарға әкелген Маңғыстау облысында сұйытылған газы құнының күрт өсуі әлеуметтік шиеленіс тудырғандықтан, ауыр зардаптарға әкеп соқтырған қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аясында Ғалымжан Ниязов ұсталды» деп хабарлады саясаттанушы Ербол Еділов өзінің Telegram-арнасында.