Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда карантин шектеулері қалай жеңілдетілгенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ол Мемлекет басшысының 2022 жылғы 21 қаңтардағы тапсырмаларын іске асыру мақсатында ВАК-та бизнес субъектілері үшін шектеулерді жеңілдету тәсілдері қаралып, мақұлданғанын еске салды.
Оның айтуынша:
"Эпидемиологиялық қауіп-қатер аймағына қарамастан, қонақүйлерге, әуежайларға, теміржолдарға, автовокзалдарға, ХҚКО-ларға, "Қазпошта" АҚ бөлімшелеріне, банктерге, асхана типі бойынша қоғамдық тамақтану нысандарына, жабық базарларға, білім беру орталықтарына, СПА-орталықтарға, сұлулық салондарына, облысаралық, облысішілік, қалалық (тұрақты және тұрақты емес) тасымалдарға "көк" мәртебесі болған кезде шектеусіз кіруге рұқсат беріледі", - деді министр.
Оның айтуынша, "көк" мәртебесі барларға кіруге рұқсат етілген бірқатар нысан үшін:
"Пандемияның бүкіл кезеңінде бизнестің барлық саласында карантин шараларды ауқымы түрде жеңілдету болған жоқ. Бұл, өз кезегінде, бизнестің белгіленген қауіпсіз жұмыс алгоритмдерін енгізуге деген міндеттемесіне ерекше жауапкершілік пен сенім жүктейді", - деп түйіндеді Ғиният.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.