Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы қайта өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 24 қаңтар кешімен салыстырғанда 0,81 тиынға өскен.
АҚШ долларының орташа бағамы 435, 16 теңге болды.
Ұлттық банктің 25 қаңтардағы ресми бағамы - 1 доллар үшін 434, 34 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 437, 23 теңгеден сатылса, сатып алу – 438,50 теңге.
Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 436, 77 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 438,07 теңге.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.