Алматылықтар жарық сөнгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Алматы тұрғындары электр энергиясын өшкені туралы шағым айта бастады. Алғашқы хабарламалар 25 қаңтарда сағат 12.08-де түсе бастады.
Алматы қаласында жарық жартылай өшіп қалды. Мысалы, "Қазақфильм", "Ақсай" шағынаудандарында және Жандосов көшесі мен Гагарин даңғылының қиылысындағы үйлерде жарық өшпеген.
Алматы көшелерінде бағдаршамдар жұмыс істемей тұр, жолдарда кептеліс пайда болды.
Сондай-ақ, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарының тұрғындары да жарық өшкенін айтты.
Алматы әкімдігі өкілі жағдайдың себебін анықталып жатқанын айтты.
БАҚ мәліметінше, Қырғызстанда да электр қуаты өшіп қалған.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.