$ 494.87  520.65  4.91

«Азар болса, несиедегі үйімді аларсың!» - Нұрлан Албан өзіне біреулердің сес көрсетіп жатқанын айты

Колледжде 15 студентке дәріс беретінім бар. Ол жерден алатын 45 мың теңге айлығымнан ысырып тастарсыңдар. Оған да көндім.

Нұрлан Албан басынан өткен ыңғайсыз жағдай туралы айтты. Жоғары мемлекеттік қызметке орналасқан бір танысы әншінің елде болып жатқан жағдайларға байланысты айтқан ойларын сынға алып, сес көрсеткен. Нұрлан Албанға өз ісімен айналысып, болашағын ойлауға кеңес берген. Ашуға мінген әнші көпшіліктің алдында атын атамауды жөн көрген азаматқа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Айтуынша, "сес көрсетуші" оған қоңырау шалып, ескерту жасаған.
"Жасы менен кіші, өзім білетін шолақ бастық. Күні кеше ғана мемлекеттік қызметке кірген інішек. Аман-саулығы жоқ, Нұрлан аға деп бастады. Соңғы кездері менің әлеуметтік желіде жариялап жүрген материалдарымды сынға алып: "Сіз бағыт-бағдарыңызды бұзған сияқтысыз. Адасып жүрген сияқтысыз. Әнші емессіз бе? Әніңізді айтып, тыныш жүре бермейсіз бе? Болашағыңызды ойламайсыз ба?" – деген сияқты миға сыймайтын дүниелерді айтты", – деп ашынды Нұрлан Албан.
Әнші елдің мұң-мұқтажын айту үшін ешкімнен қорықпайтынын білдірді. Ұл-қызының болашағы үшін тырысып-бағатынын айтты. 
"Аса құрметтім, кішкентай бастық! 
Мен үшін жүрегің ауырмасын, басың қатпасын! Мен үшін өмір сүрмей-ақ қой! Сенің өмірің өзіңе, өз өмірім өзіме. Біріншіден, артым қазылады не болмаса ертеңгі болашағым не болады деп ойлайтын менде уақыт жоқ. 50-ге таяп қалдық қой, қандай болашақ? Қазіргі әрбір ата-ананың болашағы – ұл-қыздары. 

Екіншіден, ән айтамын ба, басқа айтамын ба, ол менің жеке қалауым. Үшіншіден, мемлекеттік төңкеріске араласып жатқан жоқпын, біреуді адастырып жатқан жоқпын. Тіпті осындай жағдайда алып алатындай мемлекеттің берген атақ-даңқтары жоқ. Алсаңдар, нелеріңді аласыңдар? Колледжде 15 студентке дәріс беретінім бар. Ол жерден алатын 45 мың теңге айлығымнан ысырып тастарсыңдар. Оған да көндім. Мемлекеттен үй, жер алған жоқпын, атақ-даңқ көрген жоқпын. Менен алатын түгіңіз жоқ. Ең бастысы, еліміз аман, жеріміз тыныш, балаларымыз аман болса болды. 
Азар болса, несиедегі үйімді аларсың! Одан басқа немді аласың? Әркімнің өз жолымен жүргені жақсы. Бір сөзбен айтқанда, "Аяз би, әліңді біл, құмырсқа, жолыңды біл". Сөзімнің соңы, бай боп көргенім жоқ, кедей боп өлгем жоқ", –  деді Нұрлан Албан. 

Айта кетейік, Нұрлан Албан елімізде бейбіт шеруге шыққан халықты қолдаған әншілердің бірі. 4 қаңтар күні Албан әріптестерімен бірге "билік халықпен санассын" деген лозунгпен Алматыдағы Әуезов театрының алдына шықты. Кейін Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейнеүндеу жолдап, алда жаңа реформаларды іске асыру кезінде бірнеше мәселені назарға алуды өтінді. 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары