$ 494.87  520.65  4.91

180 млрд теңгенің қайда кеткені белгісіз: Мәжіліс депутаты РОП-тың жұмысын сынға алды

Мәжіліс отырысында елде утилизация алымы мәселесі дұрыс жолға қойылмағандықтан ескі көліктердің қымбаттап кеткені, бұл салада ашықтық жетіспейтіні айтылды.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

26 қаңтар күнгі мәжіліс отырысы кезінде елде утилизация алымын жинаумен айналысқан "Оператор РОП" компаниясының жұмысы сыналды. Аталған компанияның экс-президенттің кіші қызы Әлия Назарбаевамен байланысы бар деп айтылады. Бұған дейін билік "Оператор РОП" компаниясына кейінгі бес жылда 691,9 млрд теңге қаражат түскенін айтқан.

"Бұл қыруар қаржы қайда кеткен? Ол жөнінде толық дерек жоқ... Ашық көздерден алған мәліметтер бойынша, 300 млрдтай автокөлік өнеркәсібін және ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерді ынталандыруға берілген. 30 млрдтай ескі көліктерді тапсырған халыққа төленген. 29 млрдтай ақша ескі техникаларды жинақтауға және утилизациялауға жіберілген, ал 181 млрдтай қаржының қайда кеткені белгісіз! Сонда, бүкіл жиналған қаржының 10% ғана утильге бағытталған ба?!" деді депутат Еділ Жаңбыршин.

Жуырда үкімет аталған операторды утилизация алымын жинау құқығынан айырып, функцияны "Жасыл даму" компаниясына тапсырған. Дегенмен ақпарат құралдары "Жасыл даму" компаниясының да жемқорлықпен байланысын тексеруге үндеген. Сәрсенбі күнгі отырыс кезінде бұл мәселе көтерілмеді.

Мәжіліс отырысында елде утилизация алымы мәселесі дұрыс жолға қойылмағандықтан ескі көліктердің қымбаттап кеткені, бұл салада ашықтық жетіспейтіні айтылды.

26 қаңтарда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі "Оператор РОП" компаниясының төрағасы Медет Құмарғлиев пен экология вице-министрі Ахметжан Пірімқұловтың тергеу изоляторына қамалғанын растады. Олар жемқорлық бойынша күдікке ілінген.

11 қаңтарда Қазақстанның қазіргі президенті утилизация алымын жинайтын "Оператор РОП" компаниясының жұмысын тоқтатуды бұйырған.

Елде бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың билігі әлсіреп, қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ықпалы артты деген болжам күшейген тұста экс-президенттің жақындары бірінен соң бірі қызметтерінен айырылып, елден кеткені жайлы ақпараттар жиі шығып жатыр.
 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары