26.01.2022, 17:00

Нұр-Сұлтанда террористік қауіптің «қызғылт сары» деңгейі алып тасталады

Фото: Tengrinews.kz
Елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың баспасөз қызметі өкілі жағдай тұрақталғанын мәлімдеді.

27 қаңтардан бастап елордада террористік қауіптің жоғары "қызғылт сары" деңгейі алып тасталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың баспасөз қызметі өкілі жағдай тұрақталғанын мәлімдеді.

"Қабылданған шешімге сәйкес, 27 қаңтарда сағат 00.00-ден бастап қала аумағында террористік қауіптің жоғары "қызғылт сары" деңгейі алып тасталады. Күш құрылымдарының бөлімшелері штаттық жұмыс режиміне көшті", - делінген хабарламада.

Ведомство өкілі азаматтарға түсіністік пен жауапкершілік танытқаны үшін алғыс білдірді.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.