26.01.2022, 18:00

Вячеслав Ким «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесіндегі қызметінен кетті

Фото: orda.kz
Ол Қазақстандағы ең беделді және ауқатты бес кәсіпкердің бірі.

Вячеслав Ким «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды, деп хабарлайды orda.kz. 

– Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтындағы хабарламаға сүйенсек, кеңестен өз бастамасы бойынша Директорлар кеңесінің мүшесі В.К.Ким шығарылған. Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Директорлар кеңесі алты адамнан тұрады: Джон Дудас, Онг Бун Хви, Лука Сутера, Сәтқалиев А.М., Акишев Д.Т., Қуантыров А.С,- делінген хабарламада.

Вячеслав Ким – Kaspi.kz-тің тең құрылтайшысы, акционері және директорлар кеңесінің төрағасы, компанияның 24,13% акциясына иелік етеді, Қазақстан Ұлттық таэквондо федерациясының президенті. Ол Қазақстандағы ең беделді және ауқатты бес кәсіпкердің бірі.

2013 жылдан бастап Kolesa Group компаниясының ортақ иесі болды. 2015 жылдан – Alseco компаниясының тең иесі. 2017 жылдан 2019 жылға дейін – Magnum сауда желісінің тең иесі.

Бұған дейін Kaspi.kz және компанияның тең құрылтайшылары Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе «Қазақстан халқына» қорына 10 миллиард теңге аударған болатын.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.