27.01.2022, 03:37

Бейжің олимпиадасында ел намысын кімдердің қорғайтыны белгілі болды

Ел намысын 34 спортшы қорғайды.

Қазақстан ұлттық командасының бас бапкерлері 2022 жылғы Бейжің олимпиадасына Қазақстан атынан кім қатысатынын нақтылады. Ел намысын 34 спортшы қорғайды.

Olympic.kz басылымының хабарлауынша, Халықаралық шаңғы спорты түрлері федерациясының (FIS) шешімі бойынша Қазақстан шаңғымен жарысудан қосымша бір жолдама алған. Демек, олар ойынның  бес түрі бойынша бақ сынай алады.

Сонымен қатар фристайл-могулдан тағы бір жолдама берілген.

Шаңғымен жарысқа жеті спортшы бақ сынайды:

Виталий Пухкало Евгений Величко Ксения Шалыгина Валерия Тюленева Ирина Быков Надежда Степашкина Ангелина Шурыга Фристайл-могул бойынша жарысқа алты спортшы қатысады:

Юлия Галышева Аяулым Амренова Олеся Граур Анастасия Городко Дмитрий Рейхерд Павел Колмаков Шаңғы акробатикасынан үш спортшы бақ сынайды:

Жанбота Алдабергенова Ақмаржан Қалмұрзаева Шерзод Хаширбаев Тау шаңғысынан жарысқа ерлер арасында Захар Кучин, әйелдер арасында Александра Троицкая өнер көрсетеді.

Шаңғымен секіруден екі спортшы бақ сынайды:

Сергей Ткаченко Данил Васильев Шаңғы қоссайысынан Шыңғыс Ракпаров ел намысын қорғайды. 

Биатлоннан үш спортшы өнер көрсетеді:

Галина Вишневская-Шепоренко Александр Мухин Владислав Киреев Конькимен жүгіруден сайысқа бес спортшы қатысады:

Надежда Морозова Екатерина Айдова Дмитрий Морозов Иван Аржаников Денис Кузин  Шорт тректен бес спортшы бақ сынайды:

Абзал Әжіғалиев Денис Никиша Әділ Ғалиахметов Яна Хан Ольга Тихонова Осылайша, Қазақстан қысқы Олимпиадаға 87 жолдама жеңіп алды.

Туды Абзал Әжіғалиев пен Екатерина Айдова көтеріп шығады. 

Айта кетсек, жалпы қысқы олимпиада ойындарына Қазақстан 600 млн-нан көп қаражат жұмсады. Оның 228 млн-ы ойынға жұмсалса, 400 млн-ы дайындыққа бөлінген.

орда.кз