$ 494.87  520.65  4.91

Кәрім Мәсімовтің қылмыстық ісі «өте құпия» түрде қаралуда

Сотқа дейінгі тергеу деректері жария етілмейді.

ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің қылмыстық ісі «өте құпия» санатына жатқызылған, сол себепті сотқа дейінгі тергеу деректері жария етілмейді, деп хабарлайды  Адырна ұлттық порталы РИА Новости-ге сілтеме жасап.

«Мәсімов К.К. және Садыкулова А.Т. қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Ерғожин Д.Е қатысты бұлтартпау шарасын қабылдау мәселесі қарастырылуда», - деп жауап берген ҰҚК агенттіктің сұрағына.

Басқарма іс Қылмыстық кодекстің үш бабымен қарастырылған қылмыс белгілері бойынша тергеліп жатқанын қосып өткен.

Ұсталған азаматтар өзіне немесе басқаларға пайда мен артықшылықтар алу мақсатында қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды, сондай-ақ мемлекетке опасыздық жасады және билікті күштеп басып алуға немесе Қазақстанның конституциялық құрылысын өзгертуге бағытталған әрекеттер жасады деген күдікке ілінген.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары