Қазақстанда онлайн университеттер ашылады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің алқа отырысында білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев мәлімдеді, - деп хабарлайды, baribar.kz
Қазақстанның білім және ғылым министрлігі жоғары білім беру жүйесіне жаңа оқу әдісін енгізуді жоспарлап отыр.
- Біз жаңа формат – онлайн оқыту туралы айтып отырмыз. Елімізде алғашқы онлайн-университеттер ашылады, — деді вице-министр министрліктің алқа отырысында.
Жоғары оқу орындарында білім алу үшін берілетін грант саны 5 мыңға ұлғайтылады. Оның 60%-і техникалық мамандықтарға бөлінеді.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.