$ 447.4  477.55  4.76

Ахметжан Пірімқұлов пен Медет Құмарғалиев 2 айға қамауға алынды

Бұған дейін экс-экология вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен «ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы басшысы Медет Құмарғалиевтің ұсталғаны туралы хабарланған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Экология вице-министрі болған Ахметжан Пірімқұлов пен «ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы басшысы Медет Құмарғалиев 2 айға қамауға алынды

Шешімді Нұр-сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты шығарды.

Сот отырысы 27 қаңтар күні Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотында өтті. Күдіктілерге қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Қалалық соттың мәліметінше, сотқа дейінгі тергеудің басқа деректері жария етуге жатпайды.

Пірімқұлов 2019 жылдың шілдесінен бері вице-министр қызметін атқарды. Ол өз қызметінде қалдықтарды өңдеу туралы мәселелерді қарастырған.

Құмарғалиев 2019 жылдың қарашасында "Оператор РОП" жеке компаниясының басқарма төрағасы болды. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың наразылығын тудырған аталған компанияның жұмысына шектеу қойған болатын.

Бұл компания утиль алыммен айналысқан, яғни болашақта автокөліктерді кәдеге жаратуға жұмсалатын бір реттік төлемдерді жинап келген. Тоқаев мұндай төлемдерді жинаумен жеке компания емес, мемлекет айналысуы керектігін айтқан. Сонымен қатар ол утиль алымының мөлшерін халықпен талқылау барысында қайта қарауды тапсырды.
Осыдан кейін үкімет "Оператор РОП" ЖШС-нің утиль алымдарын жинау және жиналған ақшаны кәдеге жарату бойынша қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады. Утиль алымдарды жинау есебінен құрылған автивтердің барлығы мемлекеттің меншігіне өтті.

Бұған дейін Құмарғалиевтің қарамағындағы қызметкерлердің бір - Руслан Шәмшиевтің қайтыс болғаны туралы да хабарланған болатын. Алдын ала болжам бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған. Шәмшиев 2021 жылдан бері "Оператор РОП" құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарған. 
 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары