28.01.2022, 11:20

Сәуле Әбілдаханқызы Мұхамеджан Тазабекке: «Жылдар бойы қанша қазақты шиеттей бала-шағасымен Сирияға жібердің?»

Фото: ашық дереккөз
Журналист Сәуле Әбілдаханқызы "Talim tv" арнасының басшысы Мұхамеджан Тазабекті көптеген қазақты Сирияға жібердің деп айыптады.

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасына жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Мұхамеджан Тазабек Facebook желісіндегі парақшасына «Кеше ғана жастарды қоздырып, отқа, оққа айдағандар, бүгін соларға жанашыр, қамқор боп шыға келді. Аңқау ел әлі арандауда», - деп жазған болатын.

Осы постты көрген Сәуле Әбілдаханқызы Мұхамеджан Тазабекке «Жылдар бойы қанша қазақты шиеттей бала-шағасымен Сирияға жібердің?», - деп жазба жазды.