$ 444.22  476.38  4.82

Түркістан облысында ауруханадан өрт шығып, 57 адам эвакуацияланды

Оқиға орнына жеткен Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 13 өрт сөндірушісі мен 4 бірлік техникасы жедел өртті сөндіріп, адамдарды құтқаруға кіріскен.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін жергілікті уақыт 11 сағат 49 минутта Созақ аудандық өрт сөндіру бөлімінің жедел желісіне Шолаққорған ауылының Жібек жолы көшесінде орналасқан 2 қабатты ауруханада өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жеткен Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 13 өрт сөндірушісі мен 4 бірлік техникасы жедел өртті сөндіріп, адамдарды құтқаруға кіріскен. Нәтижесінде өрт сөндірушілер 57 адамды эвакуациялады.

«Өрт оқиғасы орнына №11 өрт сөндіру бөлімінің күштері мен құралдары жіберілді. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген кезде аурухананың №11 палатасында төсек-орын жабдықтары жанып жатты. Өрт сөндірушілер бірден адамдарды құтқаруға кірісті. Өрт сағат 12-02-де ауыздықталып, 12-10-да сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ» - дейді Шыңғыс Сүлейменов.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары