Бұл туралы Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгін жергілікті уақыт 11 сағат 49 минутта Созақ аудандық өрт сөндіру бөлімінің жедел желісіне Шолаққорған ауылының Жібек жолы көшесінде орналасқан 2 қабатты ауруханада өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жеткен Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 13 өрт сөндірушісі мен 4 бірлік техникасы жедел өртті сөндіріп, адамдарды құтқаруға кіріскен. Нәтижесінде өрт сөндірушілер 57 адамды эвакуациялады.
«Өрт оқиғасы орнына №11 өрт сөндіру бөлімінің күштері мен құралдары жіберілді. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген кезде аурухананың №11 палатасында төсек-орын жабдықтары жанып жатты. Өрт сөндірушілер бірден адамдарды құтқаруға кірісті. Өрт сағат 12-02-де ауыздықталып, 12-10-да сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ» - дейді Шыңғыс Сүлейменов.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.