Шанхайда ер адам 29 жастағы ұлы үйленбей, немере сүймегендіктен, өзіне қол салмақ болған, деп хабарлайды Zakon.kz Insider басылымының жазуынша, 22 қаңтарда 55 жастағы ер адам теміржол станциясында жергілікті күзетшілерге хатын беріп, өлмек болып, көп дәрі ішіп алғанын айтады. Ол сол мезетте есінен танып, күзетшілер жедел жәрдем шақырған. Абырой болғанда дәрігерлер оның өмірін аман алып қалды.
Хатта ер адам жалғыз ұлының жасы келсе де, үйленбей жүргеніне наразылығын білдірген. Сонымен қатар замандастарының бәрі немерелі екенін, бұл қорлыққа ендігі көндіге алмайтынын жазыпты.
"Менің жасымдағы адамдардың барлығының балалары мен немерелері бар. Ал сенің жасын 29-ға келсе де, отбасың жоқ", – деп жазыпты ол.
Қазіргі уақытта қытайлық азамат қаладағы ауруханалардың бірінде емделіп жатыр.