Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Бекзат Алтынбеков facebook әлеуметтік желісінде бүгінгі өткен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІ съезіне байланысты өз пікірін білдірді.
Ардақты ағайын! Ел Тәуелсіздігінің ширек ғасырынан асқан осынау сәтте біздің алдымызда биік міндеттер тұр. Қазіргі таңда мемлекетімізде «Жаңа Қазақстан» идеясына бағыт алған үлкен өзгерістер жүріп жатыр. Бұл – біздің одан әрі қарқынды дамуымыздың басым бағыт-бағдары, – деді Бекзат Алтынбеков.
Бүгін «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІ Съезі өтті.
Бас партияның жаңа төрағасын, жаңа Саяси кеңесін сайладық. Партияның Жарғысына өзгерістер енгізілуде. Бұл – еліміздегі жаңа өзгерістер алғашқы қадамы. Бүгін – тарихи күн. Біз, партиямыз өз тарихында жаңа парақтарын ашқан ерекше сәтке куә болдық, – деді облыстық мәслихатының депутаты.
Партияның жаңа төрағасы партияның алдына үлкен міндеттер қойды. Партия жетекшілері мен белсенділері өз мүдделері үшін емес, халық үшін қызмет етуді, елдік жолында қалтқысыз еңбек етуге үндеді.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы «Nur Otan» партиясының көшін бастаған осы сәттен бастап, біз қарқынды жаңғыру жолына түсуіміз керек. Жаңа жетекшінің идеялары мен ұтымды ұстанымдарын қолдай отырып, ортақ мақсатқа ұйысуға тиіспіз! Партия – халықтікі! Партия – қоғамдікі! Ендеше, өз жолымызға өзгеріс әкеліп, жаңа бағыттағы жұмысты жақсы бастауымыз қажет. Ол үшін барынша халыққа қызмет етіп, елдің тілегін ескеруге тиіспіз! Біз қоғам мүддесі үшін, мемлекетіміздің қарыштап дамуы жолында жанымызды, барымызды салып адал іс қылуға міндеттіміз! Жаңа бастамалар баянды болсын! Жұмысымыз жүйелі, ісіміз ізгілікті, қызметіміз айқын болғай әріптестер! – деп жазды Бекзат Алтынбеков.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.