$ 494.87  520.65  4.91

Бүгін «Хабар» және «Хабар 24» телеарналарынан Президенттің эксклюзив сұхбаты көрсетіледі

Президент «қасіретті қаңтарды» кімнің ұйымдастырғанын, неліктен 20 мың содыр шабуылдады деп мәлімдеме жасағанын, ескертусіз оқ атуға бұйрық беруіне не себеп болғанын айтып берді.

Бүгін сағат 20:00-де «Хабар» және «Хабар 24» телеарналарынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың эксклюзивті сұхбаты көрсетіледі, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Президент «қасіретті қаңтарды» кімнің ұйымдастырғанын, неліктен 20 мың содыр шабуылдады деп мәлімдеме жасағанын, ескертусіз оқ атуға бұйрық беруіне не себеп болғанын айтып берді.

Одан бөлек, ел арасында желдей есіп жүрген қаңқу сөздерге қатысты пікір білдірді. Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы қызметі қалайша Президентке оп-оңай өтіп кеткенін де тілге тиек етті.

Сондай-ақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен арада қандай да бір келісім болған яки болмағанын айтып берді.     Қазақстан ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымынан әскер алдыртқаны үшін Ресейге қарыз болып қалды ма? Қытаймен арадағы қарым-қатынас қалай өрбуі мүмкін? Президент неліктен Парламентті реформалау керек деді? Жақында депуттартарды да таратып жіберуі мүмкін бе? Қасым-Жомарт Тоқаев осы тектес сауалдарға жауап берді.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары