Қазастан қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде елге тартылған Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының әскерін шақырғаны үшін ешкімнің алдында қарыз болып қалған жоқ Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Хабар-24» телеарнасына берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Біз қарыз болып қалдық деген сияқты қауесеттерге келсек, ондай әңгіме өте көп айтылды. Мен жауапкершілікпен айтамын, Владимир Владимирович Путинмен «кейін есеп айырысармыз» деген мағындағы ешқандай әңгіме болған жоқ. Кремль тарапынан ешқандай алдын ала шарт та болған жоқ. Түптеп келгенде, Ресей - Қазақстан үшін одақтас мемлекет. 2013 жылы Екатеринбург қаласында тиісті келісімге қол қойылған. Айтпақшы, мен ол кезде Женевада болатынмын және осы келісімдң жасауға қатысқан жоқпы», - деп еске алды Мемлекет басшысы.
Тағы оқыңыз: Мемлекеттік төңкеріс әрекетінің артында кім тұр? - Тоқаев жауабы
Айтуынша, аталмыш құжатта Ресей мен Қазақстанның одақтастық қатынасы туралы айтылады.
«Елдеріміздің арасындағы қатынас Алматыдағы оқиғаға дейін де әрдайым тығыз, конструктивті, шынайы әріптестік сипатта болған еді. Осы қатынас жалғаса береді. Мен ақпанның ортасына қарай Ресей Президентінің шақыруымен Мәскеуге сапармен барамын және біз елдеріміздің арасындағы ұзақ мерзімді әріптестік туралы өте маңызды құжаттарға қол қоямыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.