Бейжің Олимпиадасына келгендер арасында 36 адамнан коронавирус анықталды, деп жазды Хабар24.
Ұйымдастыру комитетінің мәліметі бойынша, кеше олимпиадаға шамамен 1500-ге жуық адам келген. Олардың арасында спортшылар да бар. ПТР тест тапсырғандардың 29-ы оң нәтиже көрсеткен, тағы 7 науқас бұған дейін тіркелген болатын.
Мамандар жақын арада Олимпиадаға қатысушылар мен қонақтары арасында вирус жұқтырғандардың саны әлдеқайда көп болуы мүмкін деп дабыл қағады. Қазір ковидке шалдыққандардың барлығы карантинде отыр.
Естеріңізге сала кетейік, Олимпиада ойындары Бейжіңде 4-20 ақпан аралығында өтеді.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.