Қазақстандық олимпиадашылар алғашқы жарысын 3 ақпан күні бастайды, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.
Олимпиада ойындарының ресми ашылу рәсі 4 ақпанға жоспарланған. Алайда, керлинг, фристайл, шайбалы хоккей сынды спорт түрінен жарыстар 2-3 ақпанда басталып кетеді. Қазақстандық фристайлшылар алғашқы іріктеу сындарын 3 ақпанда бастайды.
Фристайл-могулдан Олимпиадаға Қазақстаннан Юлия Галышева, Аяулым Әмренова, Олеся Граур, Анастасия Городко, Дмитрий Рейхерд және Павел Колмаков жолдама жеңіп алған болатын.
Бейжің Олимпиадасындағы фристайл-могулдан жарыс кестесі:
3 ақпан
Могул, әйелдер. Бірінші іріктеу
Могул, ерлер. Бірінші іріктеу
5 ақпан
Могул, ерлер. Екінші іріктеу, бірінші, екінші, үшінші финал
6 ақпан
Могул, әйелдер. Екінші іріктеу, бірінші, екінші, үшінші финал.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.