30.01.2022, 19:34

Спортшыларымыз Қысқы Олимпиада жарыстарын 3 ақпанда бастайды

Фото: azattyq-ruhy.kz
Олимпиада ойындарының ресми ашылу рәсімі 4 ақпанға жоспарланған.

Қазақстандық олимпиадашылар алғашқы жарысын 3 ақпан күні бастайды, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.

Олимпиада ойындарының ресми ашылу рәсі 4 ақпанға жоспарланған. Алайда, керлинг, фристайл, шайбалы хоккей сынды спорт түрінен жарыстар 2-3 ақпанда басталып кетеді. Қазақстандық фристайлшылар алғашқы іріктеу сындарын 3 ақпанда бастайды.

Фристайл-могулдан Олимпиадаға Қазақстаннан Юлия Галышева, Аяулым Әмренова, Олеся Граур, Анастасия Городко, Дмитрий Рейхерд және Павел Колмаков жолдама жеңіп алған болатын.

Бейжің Олимпиадасындағы фристайл-могулдан жарыс кестесі:

3 ақпан

Могул, әйелдер. Бірінші іріктеу

Могул, ерлер. Бірінші іріктеу

5 ақпан

Могул, ерлер. Екінші іріктеу, бірінші, екінші, үшінші финал

6 ақпан

Могул, әйелдер. Екінші іріктеу, бірінші, екінші, үшінші финал.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.