Ақтау әуежайында шетелге заңсыз ақша әкетпек болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz.
Материалдар Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне жолданды.
“Мән-жайларды анықтау барысында ұсталған азаматтың Қазақстаннан Грузияға бара жатқаны анықталды. Жарияланбаған валютаны – 15 650 АҚШ долларын алып кету әрекеті болды”, – деді Маңғыстау облысы бойынша Шекара қызметі департаментінің баспасөз қызметі.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.