Қазақстанның тоғыз өңірінде боран, тұман және көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.
31 қаңтарда Қостанай облысының оңтүстігінде боран соғады. Облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.
Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде боран болады. Облыстың солтүстігі мен солтүстік-шығысында тұман мен көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні секундына 18 метрге жетеді.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ болжануда.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ, ал солтүстік-батысында тұман күтіледі.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында боран соғады. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – секундына 15-20 метр.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен, солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетпек.
Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі.
31 қаңтар – 1 ақпан аралығында Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында және таулы аймақтарында тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың батысында боран күтілуде. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні секундына 15-20 метр болады.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.