$ 444.22  476.38  4.82

Түркістан облысында өрттен қойшы қаза тауып, мыңнан аса қой қырылды

1150 бас қой мен 150 тонна сығымдалған шөп өртеніп кетті.
Фото: Tengrinews.kz
Фото: Tengrinews.kz

Түркістан облысындағы өрттен қойшы қаза тауып, мыңнан аса қой қырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Бәйдібек ауданы Алғабас ауылынан бес шақырым жердегі шаруа қожалығы аумағындағы мал ұстайтын екі қабатты ғимараттан өрт шыққан. Хабарлама 101-ге 31 қаңтарда сағат 7.15-те түскен.

Ғимараттың бірінші қабатында ұсақ мал ұсталса, екінші қабатында шөп сақталған. Фермадан жақын маңдағы өрт сөндіру бекетіне дейінгі аралық 40 шақырым болады. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 40 минутта жеткен.

Салдарынан 1150 бас қой мен 150 тонна сығымдалған шөп өртеніп кетті. Оқиға орнынан шопанның денесі табылды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт 09.37-де оқшауланып, 10.23-те ауыздықталған. Өрт аумағы 781 шаршы метр болады. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өрт сөндіруге Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 15 өрт сөндірушісі мен 4 бөлімшесі жұмылдырылды.
 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары