31.01.2022, 14:40

Тоқаев Си Цзиньпиннің шақыруымен Қытайға барады

Фото: inform.kz
Президент Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысады.

Қасым-Жомарт Тоқаев XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Ақпанның 4-5 күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін Бейжің қаласына жұмыс сапарымен барады. Сонымен қатар сапар барысында Қазақстан Президенті мен Қытай Төрағасы екіжақты келіссөз жүргізеді деп жоспарланған»-делінген хабарламада.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.