$ 494.87  520.65  4.91

Жаңаөзенде мұғалімдер наразылық акциясына шықты

Жаңаөзен қаласындағы №2 және №6 мектептің қызметкерлері ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа оқу орындарын жекенің қолына беруді тоқтатуды талап етіп, үндеу жариялады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Мұғалімдер екі мектептің жекеге өтуіне қарсы. Педагогтар Қазақстан президентіне, білім министрі мен облыс әкіміне үндеу жасап, бұған жол бермеуді талап етті«Мектебіміз жекенің қолына өтсе, жалақыны өзгертіп, қызметкерлерді қысқартуды бастайды. Ата-аналарға да қиындық тудырады: бәрі ақылы болады. Біз Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жұмыс істейміз, сыныптарымызды өзіміз жаңарттық, жаңа жабдықтарды өзіміз сатып алдық. Біз мектептің жеке қолға өтуіне үзілді-кесілді қарсымыз», –  дейді ұстаздар.

Осындай видеоүндеуді 30 қаңтарда №2 мектептің мұғалімдері де жазды.

Маңғыстау облысының білім басқармасы ұстаздардың алаңдауына негіз жоқ екенін мәлімдеді.

Мектептер жекешелендірілмейді, сенімгерлік басқаруға беріледі.

«Мектептер мемлекет меншігінде қалады», – деп хабарлады ведомство.

Мемлекеттік-жеке серіктестік механизмі арқылы сенімгерлік басқаруға беру кезінде жеке серіктеске қойылатын негізгі талаптар:

-  мұғалімдердің біліктілігін арттыру арқылы білім сапасын көтеру;

- күрделі және жеңіл жөндеуді қажет ететін ғимараттарды қысқа мерзімде жөндеу;

- білім саласындағы заманауи технологияларды пайдалана отырып, қазіргі талаптарға сәйкес келетін сапалы білім беру үдерісін ұйымдастыру.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары