30.07.2014, 06:15

Қазақстанда 28 жұқпалы ауру түрінің бәсеңдеуі байқалуда

Сурет: doctorpiter.ru

Елімізде 28 жұқпалы ауру түрінің таралуы азайды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Тұтынушылар құқығын қорғау агеттігі төрағасының орынбасары - Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин мәлім етті.

— Біз үшін ең маңыздысы, әрине, С гепатиті, ол 2,5 есеге азайды. Жалпы алғанда алғашқы жартыжылдықта менингококктік инфекция 37%, бактериялық дизентерия - 33%, В гепатиті - 20% және туберкулез - 12,6% азайды, — деді ол.

Оның айтуынша, жұқпалы аурулардың алдын алудағы профилактикалық жұмыстарды, заманауи диагностика жүргізуге Үкіметтің көрсетіп отырған қаржылық көмегі зор ықпалын тигізуде.