$ 441.66  475.14  4.86

Қазақстан қаңтар оқиғасына қатысты тергеу нәтижелерін әлемге жариялайтын болады

Бұл туралы Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Марғұлан Баймұханның НАТО Бас хатшысының Кавказ және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Хавьер Коломинамен кездесуі барысында белгілі болды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазақстан қаңтар оқиғасына қатысты тергеу біткеннен кейін, бүкіл әлемге тергеу қорытындыларын жариялайдытын болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Марғұлан Баймұханның НАТО Бас хатшысының Кавказ және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Хавьер Коломинамен кездесуі барысында белгілі болды.

“Әңгімелесу барысында арнайы өкіл Қазақстандағы тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқандарға көңіл айтты. Қазақстандық дипломат әріптесіне Қазақстандағы соңғы оқиғалардың себептері мен салдары, сондай-ақ халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және елдегі қалыпты өмірді қалпына келтіру үшін мемлекет қабылдап жатқан шаралар туралы айтып берді”, – деп хабарлайды ҚР елшілігінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында оқиғаға қатысты барлық ақпарат жарияланатыны туралы айтылды.

"Қазақстан билігінің жан-жақты және толыққанды тергеу жүргізіп жатқаны, оның нәтижелері әлемдік қауымдастыққа ұсынылатыны атап өтілді", - делінген хабарламада.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа үкіметтің алдына қазақстандықтардың сапалы өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету және елді одан әрі табысты дамыту бойынша нақты міндеттер қойды.

Аталған мәселелерден басқа, тараптар "Бір серіктес – бір жоспар" тұжырымдамасы аясындағы екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын және жаһандық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін, соның ішінде Ауғанстандағы жағдайды талқылады.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары