02.02.2022, 14:20

Алматы облысында лауазымды полиция қызметкерлері орындарынан босатылды

Фото: ашық дереккөзден
Төтенше жағдай режимі кезінде Алматы облысы бойынша полиция департаменті басшылығының өз міндеттерін орындамаған.

Алматы облысы полиция департаменті бастығының орынбасарлары мен Талдықорған қалалық полция басқармасының басшысы қызметінен кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ІІМ тәртіптік комиссиясы төтенше жағдай режимі кезінде Алматы облысы бойынша полиция департаменті басшылығының өз міндеттерін тиісінше орындамау фактісі бойынша қызметтік тергеу материалдарын тексерген. Нәтижесінде Алматы облысы ПД бастығының орынбасалары мен Талдықорған қалалық ПБ басшысы қызметінен босатылған.

Тиісті қаулы 31 қаңтарда шыққан болатын.

Еске сала кетсек, бұған дейін Арыстанғани Заппаров Алматы облысы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалған еді. Оған дейін бұл қызметті Серік Күдебаев атқарған болатын.