$ 443.35  475.54  4.82

Ұлттық банкке жаңа басшы тағайындалды

Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Олжаұлы Пірматовты тағайындауға ұсыныс енгізді.
Фото: Tengrinews.kz
Фото: Tengrinews.kz

Сенат депутаттары Ұлттық банк төрағасы лауазымына Ғалымжан Пірматовтың кандидатурасын мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

"Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Олжаұлы Пірматовты тағайындауға ұсыныс енгізді. Оның қаржы және бюджет саласында мол тәжірибесі бар. Сенат Регламентіне сәйкес ұсынылған кандидатура қаржы және бюджет комитетінің отырысында талқыланды", - деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов сенаторлар алдында Пірматовтың кандидатурасын ұсынды. Ол Пірматов қазір "омикрон эпидемиясына байланысты" ауырып жатқанын түсіндірді.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты тағайындауға кандидатураны ұсынуда. Оның басшылығымен "Қазатомөнеркәсіп" айтарлықтай қаржылық көрсеткіштерге қол жеткізді. Оның басшылығымен "Қазатомөнеркәсіп" Халықтық IPO-ға шығарылды. Пірматовтың жеке қасиеттері мен мол тәжірибесі міндеттерге қолжеткізуге мүмкіндік береді деп ойлаймыз", - деді Сүлейменов.

Ашық дауыс беруде депутаттар кандидатураны қолдады.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары