Ел бойынша турпакет аясында балаларға арналған ұшақ рейстері тегін болды, деп хабарлайды Skifnews.kz..
Биылғы 1 қаңтардан бастап Мәдениет және спорт министрінің «Қазақстан Республикасының аумағында кәмелетке толмаған жолаушыларды әуе арқылы тасымалдау кезінде туристік өнімге енгізілген билеттің құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы күшіне енді.
«Ережеде ішкі туризм саласындағы қызметті жүзеге асыратын туроператордан сатып алынған туристік өнімнің құрамында кәмелетке толмаған жолаушыға авиабилеттерді субсидиялау туралы айтылған. Бұл шара 17 жасқа дейінгі қазақстандықтар және Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаты бар жолаушыларға қолжетімді. Сондай-ақ, бұл субсидия елдің барлық аумағында таратылады», – делінген Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Аталған министрліктің ақпараты бойынша, қазір ішкі туризм саласындағы туроператорлардан субсидия алуға әзірге өтінімдер түскен жоқ.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.