$ 442.05  474.14  4.74

Қарағандыда браконьерден 100 кг-нан астам балық тәркіленді

Ер адамнан 83 кг сазан, 21 кг табан, ұзындығы 600 метр балық аулау торы, лом мен күрек табылды және тәркіленді.
inform.kz
inform.kz

Балқашта 100 кг астам балықты заңсыз аулаған браконьер ұсталды. Тәртіп сақшылары оны мұз астынан балық аулап отырған жерінен ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1 ақпанда Қарағанды облысы Балқаш қаласы полиция бөлімінің табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері рейд өткізді.

Шараның мақсаты – браконьерлік фактілерін анықтау және жолын кесу.

Сағат 16.00-де полицейлер Балқаш көлінде мұз астында балық аулаумен айналысатын белгілі бір азаматқа назар аударған.

Тәртіп сақшылары бұл адамды ұстап, ол Алматы облысының 48 жастағы тұрғыны екенін анықтады.

Ер адамнан 83 кг сазан, 21 кг табан, ұзындығы 600 метр балық аулау торы, лом мен күрек табылды және тәркіленді.

Шығын сомасы 369 мың теңгені құрады. «ҚР ҚК 335-бабы «Балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе ресурстарын заңсыз өндіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары