04.02.2022, 09:20

Кейінгі тәулікте 6 648 адамнан коронавирус анықталды

450 науқастың жағдайы ауыр.

Қазақстанда коронавирустан бір тәулікте 30 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

Қайтыс болғандар арасында 25 адамда коронавирус, 5 адамда СOVID-19 белгілері бар пневмония болған.

4 ақпандағы жағдай бойынша коронавирустан 120 059 адам (118 880+ және 1 179 КВИ-) емделіп жатыр, оның ішінде 10 095 науқас стационарда, 109 964 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

450 науқастың жағдайы ауыр, 163 науқастың жағдайы өте ауыр, 88 науқас жасанды тыныс беру аппаратында жатыр.