$ 494.87  520.65  4.91

«Астана ЕРЦ» және «Сәтті жұлдыз» жобаларынан түскен қаржылар жеке адамның қалтасына кетіп отырған

Қазақстанда «ӨКМ Операторы» ЖШС-сын қосқанда, тағы ірі үш компанияның табысы жеке адамның қалтасына түсіп отырған.

Бәсекелестікті қорғау агенттігі ұсынған мәліметке сүйенсек, Қазақстанда тоғыз оператордың жұмысы тоқтады. Утильалым жинаған оператормен бірге тағы үш ірі компанияның соңғы бенецифиары жеке тұлға болғаны анықталып отыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Олардың бірі – елордадағы азаматтардың коммуналдық қызметін есептеп, шот тарататын оператор болса, екіншісі – Үкімет лотерая өткізуге құқығы бар жалғыз оператор етіп бекіткен «Сәтті жұлдыз» компаниясы.
«2021 жылы жасалған анализдің қорытындысы бойынша, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 51 оператор бар екенін анықтады. Оның 47-сі квазимемлекеттік сектордағы субьектілер болса, 4 оператордың соңғы бенефициары ретінде жеке тұлға белгіленген», - деп хабарлады агенттік біз атаған төрт компанияның атауын ұсына отырып.

Анықтама: «Астана ЕРЦ» компаниясы Нұр-Сұлтан бойынша коммуналдық қызметтердің бірыңғай есебін жасап, төлем жинайды. Әрине, ол үшін комиссия да алады. «Сәтті жұлдыз» компаниясы болса Қазақстанда лоторея ойнатуға құқылы жалғыз оператор. «Silk Way Monitoring» ЖШС көлік пен жүктерді спутник арқылы мониторинг жүргізумен айналысқан.
Жұлдызы жанған «Сәтті жұлдыз»...

Естеріңізде болса, Azattyq Ruhy әлеуметтік желіде лоторея ойнататындардың ісі қаншалықты заңды деген мәселе көтергенде, Мәдениет және спорт министрлігіне ресми сауал жолдаған болатын.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 10 ақпанда қол қойылған №48 қаулысына сәйкес, «Сәтті Жұлдыз» акционерлік қоғамы 15 жылға лотерея операторы болып бекітілді. Яғни, Қазақстан Республикасының аумағында лотереяны тек «Сәтті Жұлдыз» АҚ өткізе алады», - делінген еді министрліктің ресми жауабында.

Ал енді міне, Бәсекелестікті қорғау агенттігінің мәліметінен бұл компанияның соңғы бенефициары жеке тұлға екені анықталып отыр. Контрагенттер базасынан анықтағанымыздай, «Сәтті жұлдыз» компаниясының басқарушысы Александр Тен, ал құрылтайшысы Сергей Швалов деген азаматтар. «Сәтті жұлдыздың» бір жылдағы таза пайдасы 69,4 млрд теңгеге теңестірілген.
«Астана ЕРЦ» ЖШС жылына қанша табыс тапқан?

Бәсекелестікті қорғау агенттігі таратқан тағы бір оператор – «Астана ЭРЦ» деп аталатын компания. Кеңсесі Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан. Бұл компанияның бір жылдағы таза пайдасы 6 млрд 600 млн теңгеден асқан.

Компанияның директоры Мұратбек Әлмамбетов, бірнеше компания құрылтайшы болып саналады. 2010 жылдардың басында жылына небәрі 2 мың теңге салық төлеген бұл компания қазір 100 млн теңгеден астам салық төлейтін операторға айналған.
Бәсекелестікті қорғау агенттігінің мәліметіне сүйенсек, таратылған бұл операторлардың кейбірі «өз қызметін жалпы негіздерде жүргізетін болады, олардың бір бөлігі жекешелендірілетін болады, қалғандары – ведомстволық бағынысты ұйымдар ретінде жұмыс істейді».

Еске салайық, елімізде утильалым жинаумен айналысып келген «ӨКМ Операторы» ЖШС биыл қаңтар айының басында жұмысын тоқтатқан болатын. 5-7 қаңтар аралығында болған бүліктерден кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл компанияның жұмысын қатаң сынап, ол көрсетіп келген қызметті «Жасыл даму» компаниясына беруді тапсырды. Яғни утильалымнан түскен қаражат жеке адамға емес, мемлекетке түсуі керек екенін айтты. Ал, компанияның бүгінге дейін тапқан табысы 600 млрд теңгеге жеткені белгілі болды. Артынша, «ӨКМ Операторы» ЖШС басшысы мен осы салаға жауапты Экология вице-министрі ұсталды.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары