ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қазақстандықтардан заңсыз майнинг фактілері туралы хабарлауды сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz
Ол Facebook-те соңғы уақытта ақпараттық кеңістікте майнинг мәселесі жиі талқыланып жатқанын жазды.
Біздің энергожүйеге "көлеңкелі майнерлер" зардабы тиюде. Қазір заңсыз майнингтің энергошығыны 1 гигаваттан (ГВт) асады екен. Бұл орайда қалыптасқан "көлеңкелі" нарықтың энергожүйеге түсіріп жатқан ауыртпалығы мен зиянын дәл бағамдау оңай емес.Бастысы, бұл кәсіпке де салық салынуы тиіс. "Сұр майнинг" - бұл экономикалық қылмыс, салық төлеуден жалтару! Ал қылмыс жасағандар жауапқа тартылуы тиіс.ҚР ЦДИАӨМ басшысы Бағдат Мусин
Ол "Сұр майнерлердің" локациясы туралы ақпарат болса, мына электрондық мекенжайларға хабарлама жіберулеріңізді (жасырын түрде хабарлауға болады) сұраймыз:
Көрсетілген локациялар бойынша тексерулер жүргізіліп, тиісті шешімдер қабылданады. Сондай-ақ көлеңкелі тұстан шығып, заңды майнерге айналуды қалаған кісілерге әріптестерім кәсіби кеңес бере алады. Энергожүйеге зиян келтіріп, заң бұзып жатқандармен бірге күресейік!
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.