04.02.2022, 15:00

«Қазақстан халқына» қорына қаржы аударғандар тізімі жарияланды

egemen.kz
1 ақпанда Қазақстанның бірқатар компаниясынан "Қазақстан халқына" қорына 16 миллиард теңге түскен болатын.

"Қазақстан халқына" қорының сайтында қайырымдылыққа қомақты сома аударғандар тізімі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қор сайтында Қазақстан халқына көмектескісі келетіндер қор шотына қаражат аудара алатыны, ол халықтың игілігі үшін жобалар мен даму бағдарламаларын іске асыруға бағытталатыны айтылды.

Заңды тұлғалар арасында ең көп сома аударғандар:

Eurasian Resources Group (ERG) - 30 миллиард теңге; "HALYK Қайырымдылық қоры" ЖҚ - 12 миллиард теңге; Болат Өтемұратов қоры - 10 миллиард теңге; Kaspi Bank - 7 миллиард теңге және "Kaspi дүкен" ЖШС - 3 миллиард теңге; Altyntau Kokshetau - 6,47 миллиард теңге; KAZ Minerals Aktogay - 6,2 миллиард теңге; KAZ Minerals Bozshakol - 6,2 миллиард теңге; "Қазмырыш" - 5,855 миллиард теңге; Kazakhmys Smelting - 5 миллиард теңге; "Шығыстүстімет" - 3,1 миллиард теңге; "Қазақстан Халық жинақ банкі" - 3 миллиард теңге; "КаР-Тел" ЖШС - 2 миллиард теңге.

Компаниялардан басқа қорға жеке тұлғалар да ақша аударды. 

Ең көп сома аударғандар:

Данияр Әбілғазин - 500 миллион теңге; Яков Цхай - 500 миллион теңге; Тимур Турлов - 500 миллион теңге; Диас Сүлейменов - 450 миллион теңге; Дінмұхамет Ыдырысов - 300 миллион теңге.

Толық тізіммен сайтта танысуға болады.

Ал 1 ақпанда бірқатар қазақстандық компаниядан "Қазақстан халқына" қорына 16 миллиард теңге түскен болатын. 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.