Алматыда санкцияланған митинг өтті.
Жиын 5 ақпанда сағат 12.00-де Шевченко көшесінде орналасқан Шоқан Уәлихановтың ескерткішінің маңында өтті.
Оқиға орнына 150-200-ге жуық адам жиналған.
Жиналғандардың талабы:
Әкім сайланарда таңдау беру;
Қазіргі қала әкімін қызметтен босату;
Қаңтар оқиғаларынан кейін ұсталған кінәсіз адамдарды босату.