$ 447.4  477.55  4.76

Конькимен жүгіруші Олимпиадада ел рекордын жаңартты

Морозова 3000 метрді 4:04,97 уақытта жүгіріп өтті.

Қазақстандық конькимен жүгіруші Надежда Морозова 2022 жылғы қысқы Олимпиадада 3000 метр қашықтықта өнер көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz 

Морозова 3000 метрді 4:04,97 уақытта жүгіріп өтіп, осы қашықтықта Қазақстан рекордын жаңартты. Алайда жүлделі орын ала алмады.

Айта кетейік, бұған дейінгі рекорд Людмила Прокашеваға тиесілі болған (4:05.01). Бұл оның 2001 жылы 2 наурызда Калгариде өткен әлем чемпионатындағы көрсеткіші. 

Надежда Морозова Бейжіңдегі ойындарда басқа да қашықтықтарда өнер көрсетеді. 7 ақпанда ол Екатерина Айдовамен бірге 1500 метрге конькимен жүгіреді, ал 17-сі екеуі де 1000 метрге жарысады. 

Сондай-ақ, 19 ақпанда Морозова масс-стартта өнер көрсетеді.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары